Хабарландыру
лизинг берушілерден медициналық техниканы жеткізуге ұсыныстар беру туралы
«Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) «медициналық техниканың лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 72 бұйрығына сәйкес лизинг берушілерден медициналық техниканы жеткізуге ұсыныстар жинауды жариялайды.
Ұсыныстарды ұсыну шеңберінде осы хабарландыруға қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес жалпы сомасы 3 569 725 435 (үш миллиард бес жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз жиырма бес мың төрт жүз отыз бес) теңгеге 50 бірлік медициналық техниканы сатып алу жоспарлануда.
Лизинг шартының қолданылу мерзімі: 37 ай, 2027-2029 жылдар кезеңінде.
Осы хабарландырудың құрамында мынадай материалдар ұсынылады:
- медициналық техникаға техникалық ерекшелік;
- оңтайлы техникалық сипаттамаларды сараптамалық бағалау;
- клиникалық-техникалық негіздеме;
- саны мен құны көрсетілген медициналық техниканың тізбесі.
Лизинг берушілер Басқармаға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және қоса беріліп отырған материалдардың талаптарын ескере отырып, лизинг шарты шеңберінде медициналық техниканы ұсыну жөніндегі ұсыныстарды ұсынуы қажет.
Ұсыныстарда медициналық техниканы қаржыландыру және жеткізу шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер болуға тиіс.
Ұсыныстар төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша және / немесе электрондық нысанда қабылданады.
Ұсыныстарды ұсыну мекенжайы:
«Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Абай облысы, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 38А үй,
2-қабат, н/ж кабинеті,
Экономика және қаржы бөлімі.
Электрондық пошта:
ekonom_obl_zdrav_abai@mail.ru
Медициналық техниканың тізбесі, Техникалық ерекшелік, оңтайлы техникалық сипаттамалардың сараптамалық бағасы және клиникалық-техникалық негіздеме осы хабарландыруға қоса беріледі.