Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп кодексінің талаптары бойынша департамент басшысының орынбасары әдеп жөніндегі уәкіл А.Шакированың төрағалығымен іс-шара өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы арнайы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ұжымда қызметтік әдеп нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады. Іс-шара соңында департамент қызметкерлері спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнама аясында тұшымды жауаптар алды. Мұндай профилактикалық шаралар ұжымдағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
The department held an event on corruption prevention and ethics
Source: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/events/details/49351?lang=en