«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жезқазған қаласы 10 тамыз 2026 жыл
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар), кейінгі өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сондай-ақ «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Ұлытау облысының қаржы басқармасының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 69 бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобы «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 29 маусымнан 2026 жылғы 10 тамызға дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Басқарма қызметіне ішкі талдау Үлгілік қағидаларда көзделген мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
- Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«БЕКІТЕМІН»
«Ұлытау облысының қаржы
басқармасы» ММ басшысы
_________ Ж. Киянбеков
«__» ______2026 жыл
Ұлытау облысының экономика басқармасының сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жоюға (төмендетуге) бағытталған іс-шара |
Орындалу мерзімі |
Жауапты тұлға |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға беру кезінде тендерге қатысушыларды жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылдау рәсімінің жеткілікті деңгейде алқалы түрде регламенттелмеуі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 34-тармағына қатысушыларды тендерге жіберу немесе жібермеу туралы шешімді тендерлік комиссияның алқалы түрде қабылдауын көздейтін өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жолдау |
2026 жылғы 1 желтоқсан |
А. Болат |
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі |
|
2 |
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігіне мониторинг жүргізу кезінде субъективті бағалау тәуекелі |
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігіне мониторинг жүргізу кезінде қолданылатын көрсеткіштер мен өлшемшарттардың сақталуына ішкі бақылау жүргізу, мониторинг нәтижелерін қосымша бақылау тетігін енгізу |
2026 жылғы 1 желтоқсан |
А. Болат |
Мониторинг нәтижелерінің объективтілігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі |
|
3 |
Осыған байланысты облыстық басқармалардың өз саласына қарай ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне салалық басшылықты жүзеге асыратынын, олардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға және қызметін үйлестіруге қатысатынын ескере отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын (ережелерін) әзірлеу, келісу және бекіту мәселелеріндегі облыстық басқармалардың құзыретін нақтылау қажеттілігі |
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын (ережелерін) бекіту бойынша өкілеттіктерді облыстық басқармалардың құзыретіне нақты бекіту мақсатында тиісті облыстық басқармалардың ережелеріне өзгерістер енгізу |
2026 жылғы 1 желтоқсан |
А. Болат |
Өкілеттіктердің нақты бөлінуі қамтамасыз етіледі |
|
4 |
«Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қызметіне салалық жетекшілік ету мен оны үйлестіру функцияларын қаржы органының жүзеге асыруы Қаржы басқармасының негізгі функционалдық міндеттерімен толық сәйкес келмейді. Қоғамның қызметінің ерекшелігін және оның кәсіпкерлік, инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы функцияларын ескере отырып, Қоғамның жалғыз акционерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру функцияларын салалық мемлекеттік органға – Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына беру мәселесін қарастыру |
«Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қатысты жалғыз акционердің өкілеттіктерін облыстың қаржы басқармасынан облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына беру туралы ұсыныс енгізу |
2026 жылғы 1 желтоқсан |
А. Болат |
Қоғам қызметінің салалық мемлекеттік органға бекітілу мүмкіндігі қарастырылады |
|
5 |
Ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу |
Басқарманың ішкі ұйымдастырушылық құжаттарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып мерзімді түрде қайта қарап отыру |
Тұрақты негізде |
Құрылымдық бөлімше басшылары |
Ішкі рәсімдердегі ықтимал тәуекелдер уақтылы анықталады және жойылады |
|
6 |
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды қабылдауы |
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тұрақты түсіндіру іс-шараларын өткізу |
Тұрақты негізде
|
А. Болат |
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау деңгейі арттырылады |
|
7 |
Қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі |
Қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысын анықтау және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда оны заңнамада белгіленген тәртіппен реттеу |
Тұрақты негізде |
А. Болат |
Мүдделер қақтығысының алдын алу қамтамасыз етіледі |
|
8 |
Қызметтік шешімдерді қабылдау кезінде жеке-дара ықпал ету тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары рәсімдер бойынша шешімдерді мүмкіндігінше алқалы түрде қабылдауды және қабылданған шешімдерді құжаттауды қамтамасыз ету |
Тұрақты негізде |
Құрылымдық бөлімше басшылары |
Шешім қабылдаудың ашықтығы мен объективтілігі қамтамасыз етіледі |
|
9 |
Ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсыныстардың орындалуын бақылау |
Осы Іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіп, нәтижелері бойынша Басқарма басшылығына ақпарат енгізу |
Тоқсан сайын |
А. Болат |
Тәуекелдерді жою жөніндегі шаралардың уақтылы орындалуы қамтамасыз етіледі |
- Жоспардың орындалуын бақылау:
Осы Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелер қабылданған шаралар туралы ақпаратты белгіленген мерзімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жауапты тұлғаға ұсынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жауапты тұлға Іс-шаралар жоспарының орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда тәуекелдерді төмендету бойынша қосымша шаралар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Жоспардың орындалу нәтижелері ішкі талдаудың келесі кезеңінде ескеріледі.