Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

 №328

«20»   «10»   «2026»  жыл

 

 

 

 

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының 2-тармағының               4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабына, 15-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына, Ақтоған ауылдық округіндегі Ақтоған ауылы тұрғындары арасында 2026 жылғы                22 қыркүйекте өткен жиналыстың хаттамасына сәйкес аудан әкімдігі              ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №487 қаулысымен Ақтоған ауылдық округінің аумағынан Аташев Тасқын Орынхановичке шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға берілген жалпы ауданы             19,85 гектар тәлімді егістік (кадастрлық нөмірі 06-092-016-134) жер учаскесі халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың наурыз айының 31 күніне дейін.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                Е.Жиенқұлов

 

 

 

 

Енгізуші:

Аудан әкімдігінің жер

қатынастары бөлімі басшысы                                                                                      Д.Нурпеисов

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/documents/details/1086961?lang=ru