ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№328
«20» «10» «2026» жыл
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының 2-тармағының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабына, 15-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына, Ақтоған ауылдық округіндегі Ақтоған ауылы тұрғындары арасында 2026 жылғы 22 қыркүйекте өткен жиналыстың хаттамасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №487 қаулысымен Ақтоған ауылдық округінің аумағынан Аташев Тасқын Орынхановичке шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға берілген жалпы ауданы 19,85 гектар тәлімді егістік (кадастрлық нөмірі 06-092-016-134) жер учаскесі халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың наурыз айының 31 күніне дейін.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Е.Жиенқұлов
Енгізуші:
Аудан әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі басшысы Д.Нурпеисов