«Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

«Жәнібек ауданының

  Құрметті азаматы»

 атағын беру туралы

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 12 тамыздағы №26-4 «Батыс Қазақстан облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын бекіту туралы» шешімін басшылыққа алып және Жәнібек ауданы әкімінің ұсынысын қарап, Жәнібек аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          1. «Жәнібек ауднының құрметті азаматы» атағы:

          өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына және білім сапасын дамытуға қосқан үлесі үшін Айдарбек Тулепович Айтпукешевке;

          өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға және қоғамдық қызметі үшін Нурбулат Улданович Джумагалиевке;

          ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына, кәсіпкерлік пен құрылыс саласының өркендеуіне және аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қосқан елеулі үлесі, қайырымдылық және қоғамдық қызметі үшін Искаир Кафарович Илимесовке;

          денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы көп жылғы еңбегі, кәсіби біліктілігі және қоғамдық қызметі үшін Сауле Магауятовна Исмагуловаға;

         бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы еңбегі, қайырымдылық және қоғамдық қызметі үшін Ринат Кайратович Калмияровқа;

         өңірдің мәдениет пен өнер саласын дамытуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдық-рухани өмірге ерекше үлес қосқаны үшін Даулеткерей  Атауович Кусайновқа;

          ауданның әлеуметтік – экономикалық, мәдени дамуына, абаттандырылуына қосқан елеулі үлесі,  қайырымдылық, және демеушілік қызметі, туған өлкенің көркейюіне бағытталған игі бастамаларды тұрақты қолдағаны үшін Султан Дуйсенгалиевич Неталиевке;

          ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін Нурман Ашекенович Туменовке;

           ауданның әлеуметтік – экономикалық, өндіріс пен ауыл шаруашылығы дамуына қосқан үлесі үшін Самат Камелевич Успановқа;

          ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін Бурхан Закаринович Утегалиевке берілсін.

          2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

          3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

   

Мәслихат төрағасы                                   Т.Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat/documents/details/1070986?lang=ru