Тараз қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков тазалық жұмыстарына белсене қатысқан жастарға алғысын білдіріп, туған қаланың көркейіп, таза әрі жайлы болуы әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай іс-шаралар қала тазалығын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Тараз қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1287484?lang=ru