«Таза Қазақстан» акциясы аясында екі айлық сенбілік басталды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында екі айлық сенбілік жұмыстары басталды.
Сенбілік барысында аумақтарды қоқыстан тазарту, арамшөптерді ору, ағаштарды күтіп-баптау, арық-атыздарды тазалау және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Тазалық – ортақ міндет. Әр тұрғын өз ауласы мен айналасына жауапкершілікпен қарап, туған жердің көркеюіне үлес қосуы маңызды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында екі айлық сенбілік басталды
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1287469?lang=ru