Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студент жастармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азат Пирматов, сондай-ақ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдері Айгерім Каукешова мен Кемеңгер Абдибеков қатысты.

Полиция қызметкерлері жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ нашақорлықтың зияны мен есірткі қылмысына тартылудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1286909?lang=ru