Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 қазанында Қазақстан халқына "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты кезекті Жолдауы

Игілік ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 қазанында Қазақстан халқына "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты кезекті Жолдауының негізгі бағыттарын ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық аумақтарды өркендету, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру, инфрақұрылым және басқа да маңызды мәселелер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына Жолдауда айтылған міндеттер мен алдағы жоспарлардың маңыздылығы түсіндіріліп, тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – Президент Жолдауының басым бағыттарын халыққа жеткізу, ел дамуына қатысты бастамалардың жүзеге асырылуына жұртшылықтың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-igilik/press/news/details/1326964?lang=ru