КЕТПЕН АУЫЛЫНДА ТУ ТҰҒЫРДЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Кетпен ауылында демеушілердің қолдауымен орнатылған ту тұғырдың ашылу салтанаты өтті.
Аталған игі іске 1970 жылы дүниеге келген ауыл түлектері демеушілік көрсетіп, туған жердің көркеюіне үлес қосты.
Мемлекеттік Ту – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және елдігіміздің нышаны. Ту тұғырдың орнатылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болып, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік рухты дәріптеуге бағытталған игі бастамаға айналды.
Туған жерге жанашырлық танытып, ауыл игілігі үшін қолдау көрсеткен азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Көк байрағымыз биікте желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.