Қазіргі таңда Тұран-2 шағынауданының 23-орамында ішкі инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызы орындалды.
Жобаны жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 23-орамдағы 25 көппәтерлі тұрғын үй инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Аталған жұмыстар тұрғын үйлердің инженерлік желілерге қосылуына мүмкіндік береді.
ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kurylys/press/news/details/1323066?lang=ru