Таксиге ақшасы жоқ, бірақ рөлге ішімдік ішіп отырған: түнгі сапар қалай аяқталды

Таксиге ақшасы жоқ, бірақ рөлге ішімдік ішіп отырған: түнгі сапар қалай аяқталды

28 қазан күні сағат 03:20 шамасында Әуелбеков көшесіндегі "Еуразия" ойын-сауық кешенінің тұрағында тұрған "Toyota Mark II" маркалы автокөліктің жүргізушісі жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көзіне түсті.
Кадрларда 1991 жылы туған ер адамның көліктің жанында ішімдік ішіп, одан кейін көліктің рөліне отырғаны жазылған.
ЖБО қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында ақпарат дереу патрульдік полиция батальонының қатарына берілді. Келісілген іс-қимылдар нәтижесінде полицейлер Әуелбеков-Біржан сал көшесінде көлікті тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді, оның нәтижелері бойынша мас күйі расталды.
Жүргізушінің өзі түсіндіргендей, такси үшін қолма-қол ақшасы болмағандықтан, өздігінен көлік жүргізуге шешім қабылдаған.
Автокөлік мамандандырылған автотұраққа қамалды.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Сот шешімі бойынша ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полиция еске салады: таксиге ақшаның болмауы мас күйінде көлік жүргізуді ақтамайды. Мұндай абайсыздық қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қауіп төндірмеңіз!

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1323009?lang=ru