ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сарысу орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында лудоманияның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында құмар ойындарға тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік зардаптары, оның жасөспірімдердің білім алуына, мінез-құлқына және болашағына тигізетін кері әсері түсіндірілді.

Сонымен қатар интернеттегі онлайн ойындар мен бәс тігу платформаларының қауіптілігі, ойынға тәуелділіктің белгілері және оның алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.

Оқушыларға бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен және шығармашылықпен айналысу, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде профилактикалық кеңестер айтылды.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1323001?lang=ru