Құрметті Аршалы кентінің тұрғындары!

«Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ 2026 жылғы 7 қарашада сағат 10:00-де Аршалы кентінің теміржол вокзалында және сағат 15:00-де Аршалы-2 елді мекеніндегі №149 негізгі мектепте Аршалы кентінің әкімі К.М. Жандыбаевтың халықпен кездесуі өтетінін хабарлайды. Кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жазбаша түрде «Ұсыныстар, ескертулер және пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшіктерге қалдыра аласыздар. Сондай-ақ ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы немесе 8 (71644) 2-15-64 телефондарына хабарласып жолдай аласыздар.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-arshaly-arshaly/press/news/details/1322812?lang=ru