Құрметті Есіл қаласының тұрғындары мен жүргізушілері!
Есіл ауданы әкімдігінің Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хаттамасына сәйкес, Ғарышкерлер көшесінде жүк автокөліктерінің қозғалысын шектеу мақсатында «Аурика» жанармай құю станциясының маңында биіктігі 3,0 метр болатын шектеу аркасын орнату шаралары қабылданды.
Бұл шара Ғарышкерлер көшесіндегі автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жаңартылған жол жабындысының сақталуын, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізілді.
Жүк және ірі габаритті көлік жүргізушілерінен орнатылған шектеуді ескеруді, алдын ала балама маршрутты таңдауды және рұқсат етілген габариттен асып кеткен жағдайда аркадан өтуге тырыспауды сұраймыз.
Құрметті жүргізушілер, жолдағы шектеулерге назар аударып, қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз.
Жаңа жолды сақтаңыздар — орнатылған шектеулерді ұстаныңыздар!
Жүргізушілердің назарына: Гарышкерлер көшесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер қойылды
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/1322682?lang=ru