Таразда патрульдік полицейлер есіксіз жүрген Volkswagen жүргізушісін тоқтатты.
🚔 Таразда патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын ерекше автокөлік аударды. Төле би даңғылымен ерекше «жиынтықтағы» – алдыңғы сол жақ есігі жоқ Volkswagen қозғалып бара жатқан.
🚘 Белгілі болғандай, көлік ұзақ уақыт бойы бір орында тұрған. Жүргізуші оны техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізбекші болып, эвакуатордың орнына дәл осы күйде өз бетімен баруды жөн көрген.
⚠️ Алайда, есігі жоқ автокөлікпен жүру – сәттілікке сенетін жағдай емес. Көліктің мұндай техникалық жағдайы жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін.
⚖️ Нәтижесінде, қала ішіндегі бұл тәуекелді сапар полицейлермен кездесумен аяқталды: жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
❗️ Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: ақауы бар автокөлікті жөндеу орнына қауіпсіз жолмен жеткізу керек. Егер көлік қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, өзіңізді және айналадағыларды тәуекелге тікпей, эвакуатор қызметін пайдаланған жөн.