ҰЛЫ ДАЛА ШАҒЫНАУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҰЛЫ ДАЛА ШАҒЫНАУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Әулиеата ауданы әкімдігінің қызметкерлері Ұлы Дала (15) шағынауданында сенбілік өткізіп, аумақтың тазалығы мен көркеюіне үлес қосты.

Сенбілік барысында шағынаудан аумағындағы қоқыстар жиналып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімдігінің қызметкерлері ортақ іске жұмыла атсалысып, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың үлгісін көрсетті.

Тазалық — баршамызға ортақ міндет. Әулиеата ауданы әкімдігі тұрғындарды аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, туған қаламыздың көркеюіне бірге үлес қосуға шақырады.

Қаламыздың көркі — тазалықтан, тазалық — өзімізден басталады!

#ӘулиеатаАуданы #Тараз #ҰлыДала #Сенбілік #ТазаҚала
 
 
 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1321825?lang=ru