2026 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Қызылорда облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережелерін бұзу деректерінің жолын кесу.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалауда. Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіретін құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылуда.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, көлік құралын масаң күйде басқармауға және жолда мұқият болуға шақырады.
Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Қызылорда облысында «қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1321529?lang=ru