ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ИНВЕСТОРЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ИНВЕСТОРЛАР!
Сіздерді Шардара ауданы прокурорының қатысуымен «Инвест Керуен» жобасы аясында өтетін маңызды кездесуге шақырамыз!
Кездесудің мақсаты – аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау және олардың қызметіне кедергі келтіретін мәселелерді анықтау.
Кездесу барысында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, заң талаптарының сақталуы, инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвесторлардың мәселелерін шешу жолдары қарастырылады. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге және құзырлы органдар өкілдерінен тиісті түсініктемелер алуға мүмкіндік алады.
Бұл – ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған маңызды басқосу.
📅 Күні: 2026 жылғы 16 қазан
🕔 Уақыты: сағат 17:00
📍 Өтетін орны: Шардара қаласы, Абай атындағы мәдениет үйі.
Құрметті аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, инвесторлар мен шаруа қожалықтарының өкілдері! Сіздерді кездесуге белсенді қатысып, өзекті мәселелеріңізді ортаға салуға шақырамыз!
Сіздің ұсынысыңыз – аудан дамуына қосылған үлес! Бірлескен диалог – нақты шешімдердің бастауы!

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1320514?lang=ru