ЖЕРЛЕСІМІЗ ҚҰЛМЫРЗА БЕКСҰЛТАН V АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ҚҰЛМЫРЗА БЕКСҰЛТАН  V АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ
Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшысы Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18–24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады. Бексұлтан Нұрланұлы осы уақыт дейін Пара дзюдодан 2025 жылғы Әлем чемпионы, Астанада өткен Гран-при жеңімпазы, Әлем кубогы жеңімпазы, ересектер арасында ҚР чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты мен Азия кубогының қола жүлдегері.
2004 жылы 1 желтоқсанда Шардара ауданы,Қоссейіт ауылында дүниеге келген спортшы 10 жасынан бастап дзюдомен айналысады.
Жаттықтырушысы: Нұрбол Шайманов
Спортшы V Азия Пара ойындарында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, ел намысын қорғайды.
Жерлесіміздің жеңісті күндері көп болсын!!!

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1320510?lang=ru