АПТАЛЫҚ СЕНБІЛІК: ТАЗА ШАРДАРА!

АПТАЛЫҚ СЕНБІЛІК: ТАЗА ШАРДАРА!
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында және аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында аудан аумағындағы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қала мен ауылдық округтерде ретсіз өскен арамшөптер шабылып, аяқжолдар мен ирригациялық жүйелер тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жиналған қоқыстар арнайы полигонға шығарылды.
Мұндай жұмыстар елді мекендердің тазалығы мен көркейтілуіне, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Тазалық – ортақ жауапкершілік.
Туған жердің тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Таза Шардара – ортақ мекен!
Тазалықты өзімізден бастайық!

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1320462?lang=ru