Жітіқарада Республика күні аталып өтті

Жітіқарада Республика күні аталып өтті

Жітіқарада Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігін, халық бірлігін және Қазақстанның мемлекеттілікті қалыптастыру жолындағы тарихи таңдауын айшықтайды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып шығумен және Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды.

Жітіқара ауданының әкімі А.Жаныспаев жиналған қауымға құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты іс-шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, өңірдің өркендеуіне атсалысқан тұрғындарды марапаттау рәсімі өтті. Олардың еңбегі мен жетістіктері лайықты бағаланып, марапаттаулар, құрмет грамоталар және алғыс хаттар табысталды.

Мерекенің жалғасы жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Би қойылымдары, вокалдық және аспаптық нөмірлер ұлттық нақышқа толы ерекше атмосфера қалыптастырып, ел бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеді.

Республика күні – тарихқа құрмет көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның болашағы, оның өркендеуі мен әрбір тұрғынының әл-ауқаты үшін ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейтін маңызды мереке.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1319195?lang=ru