25-қазан Республика күніне орай Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен «Әлем таныған Республикам менің» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, азаматтардың патриоттық сезімін арттыру және мемлекеттік мерекенің маңызын түсіндіру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, ел егемендігінің маңызы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен халықаралық аренадағы беделі туралы ой бөлісті.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың ел тарихына деген құрметін арттырып, отансүйгіштік рухты нығайтуға және ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал етеді.
«ӘЛЕМ ТАНЫҒАН РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1318713?lang=ru