«А» вируыстық гепатиті, жұғу жолдары және алдын алу.

Вирустық  гепатит «А» – бауырды зақымдайтын, вирустан туындайтын жіті жұқпалы сырқаттанушылық. Жұқпа көзі – науқас адам. Вирус адам ағзасына кір қол арқылы, ластанған, жуылмаған жеміс-жидектер, көкөністер арқылы да беріледі. Вируспен ластанған суға шомылу кезінде де жұғады. Вирустық гепатит «А» - кезіндегі өзіне тән терінің түсі мен көздің шырышты қабығының сарғаю белгілерімен сипатталады.  

Балаларда бұл белгілердің болмауы да мүмкін.  Науқас адам ауру қоздырғыш вирусты қоршаған ортаға негізінен үлкен дәрет, сирек жағдайда кіші дәрет арқылы бөледі.

Вирус адам ағзасына енгеннен кейін жасырын немесе инкубациялық кезеңі басталады. «А» вирусты гепатит кезінде инкубациялық кезең орташа есеппен 14 тен 35 күнге дейін созылады. Белгілері: дене қызуы көтерілуі, бас ауыруы, әлсіздік, құсу, тамаққа тәбеттің болмауы, көздің ақ қабыршығы мен тері жабындысы сарғаяды. Науқаста оң жақ қабырға асты ауырсынады, бауырдың көлемі үлғайып, зақымданады. Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет ақшыл болады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Өзіңізден осы белгілерді байқасаңыз тез арада дәрігерге қаралу қажет.

           Алдын алу шаралары: Жұқпалы «А» вирустық гепатитінен қорғанудың ұтымды жолы -вакцинация. Вирустық «А» гепатитіне қарсы вакцинация 2 екпеден тұрады,  2 және 2,5 жаста жасалады. 2011 жылы елімізде жоспарлы вакцинация енгізілгелі балалар арасындағы жұқпалы вирустық «А» гепатиті сырқаттанушылығын азайту мүмкін болып отыр. Вакцинациядан кейін қалыптасқан имунитет 20 және одан да көп жылға сақталады.  Сонымен қатар, жалпыға бірдей алдын алу шараларын ұстануды да ұмытпау қажет, ол күнделікті жеке бас гигенасын сақтау, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен  жуу, жеміс-жидектерді, көкөністерді пайдаланар алдында мұқият таза сумен жуу керектігі.  Ауыз суды тек орталықтандырылған көзден не болмаса қайнатылған және бөтелкеге құйылған (өндірісте) таза суды ғана қолдану қажет.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1317780?lang=ru