Айгүл Әбілхамитқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды!

Айгүл Әбілхамитқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды!

🇰🇿 Айгүл Әбілхамитқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 25 қазан – Республика күні қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі елеулі еңбегі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

Олардың қатарында Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ерғалиева Айгүл Әбілхамитқызы да бар. Көпжылдық жемісті еңбегі мен кәсібилігі үшін әріптесімізге «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Айгүл Әбілхамитқызы 1998 жылдан бері қаржы және экономика саласында абыройлы қызмет етіп келеді. Бюджеттік жоспарлау, бюджетаралық қатынастар мен кірістерді болжау бағытында мол тәжірибе жинақтап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ал 2013 жылдан бері басқарма басшысының орынбасары лауазымын абыроймен атқаруда.

💐Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ұжымы әріптесімізді биік марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ал ел игілігі жолындағы жауапты қызметіңізге жаңа табыстар мен толағай жетістіктер тілейміз!

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika/press/news/details/1317532?lang=ru