Республика күніне орай «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында сенбілік азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Республика күніне орай «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында сенбілік азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Ұлттық мереке – Республика күніне орай Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионның автотұрақ аумағында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілер, көршілес облыстардың шаруа қожалықтары және көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер қатысты. Қала тұрғындарына ет, сүт және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылды.

Мұндай жәрмеңкелер халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, отандық өндірушілерді қолдауға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1317513?lang=ru