📚✨ ОҚУҒА ҚҰШТАРЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!
📖 Бүгін «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-де ерекше рухани кездесу өтті!
Мектебімізге қазақ балалар баспасөзінің танымал өкілдері арнайы келіп, 8-сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өткізді.
🌟 Кездесудің құрметті қонақтары:
🔹 «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары – Бағашар Тұрсынбайұлы
🔹 «Ақ желкен» журналының бас редакторы – Балжан Мұратқызы
🔹 «Балдырған» журналының бас редакторы – Ерғали Бақаш
🔹 «Ұлан» газетінің бас редакторы – Жадыра Нармаханова
🔹 «Дружные ребята» газетінің бас редакторы – Ольга Рыбкина
📚 Кездесуге мектеп директоры, кітапханашы және ұстаздар қауымы да қатысты.
💫 Кездесу барысында қонақтар өздері жетекшілік ететін газет-журналдардың мазмұны мен ерекшеліктерін таныстырып, оқушыларды мерзімді басылымдарды тұрақты оқуға, білім көкжиегін кеңейтуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға шақырды.
🗣️ Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, баспасөз өкілдерімен еркін пікір алмасты. Қонақтар кітап пен газет-журнал оқудың маңыздылығына тоқталып, жас оқырмандарға құнды кеңестер берді.
❤️ Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына жол ашады!
👏 Мектебімізге арнайы ат басын бұрып, оқушыларымызға ерекше әсер мен тың шабыт сыйлаған қадірлі қонақтарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!
📖 Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы!