Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
«Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы
басқармасы» ММ-нің дөңгелек үстел отырысының
ХАТТАМАСЫ
|
Жезқазған қ. |
|
2026 жылғы 14 қазан |
Төрағалық еткен: Басқарма басшысы Р.О. Алматов.
Қатысқандар:
Басқарма басшысының орынбасары А.Е. Бектұрған;
Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Г.Б. Таджиева;
Қаржы-экономикалық, әкімшілік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Э.А. Тлеугабулова.
Хатшы: Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы А.Ж. Қазтай.
Күн тәртібі
2026 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Тыңдалды
Басқарма басшысының 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 9 бұйрығына сәйкес, 10 қыркүйек – 21 қазан аралығындағы ішкі талдаудың мынадай бағыттары талқыланды:
– кадр тапшылығы жағдайында қызметтік жүктеменің артуы және міндеттерді бөлудегі ықтимал тәуекелдер;
– мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, конкурстар өткізу және құжаттардың толықтығын тексеру;
– кіріс хат-хабарларды қарау, жиынтық мәліметтерді, қаржылық және бюджеттік есептерді уақытылы ұсыну;
– лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдаланбау, қызметтік тәртіп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау.
ШЕШІМ
1. Ішкі талдаудың алдын ала мәселелері назарға алынсын. Түпкілікті қорытындылар 2026 жылғы 21 қазандағы аналитикалық анықтамада көрсетілсін.
2. Басқарма басшысының орынбасары А.Е. Бектұрған 2026 жылғы 21 қазанға дейін аналитикалық анықтаманы рәсімдеуді қамтамасыз етсін.
3. Бөлім басшылары Г.Б. Таджиева мен Э.А. Тлеугабулова кадрлық жүктеме, мемлекеттік сатып алу және есептілік бойынша алдын алу ұсыныстарын 2026 жылғы 21 қазанға дейін ұсынсын.
4. Басқарма басшысының орынбасары мен бөлім басшылары қызметтік тәртіптің сақталуын, мүдделер қақтығысының алдын алуды және түсіндіру жұмыстарын бақыласын. Жауаптылық заңнамаға сәйкес айқындалады.
|
Төрағалық етуші |
________________ Р.О. Алматов |
|
|
|
|
Хатшы |
________________ А.Ж. Қазтай |