Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы
«Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 21 қазан аралығында жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың алдын ала нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық талқылау барысында басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, олардың туындау себептері мен жағдайлары, сондай-ақ оларды жою және алдын алу жөніндегі ұсыныстар қаралатын болады.
Өткізу күні: 2026 жылғы 14 қазан.
Өткізу уақыты: 12:00 сағат.
Өткізу орны: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1, Ұлытау облысы әкімдігі
Қоғамдық талқылауға мүдделі азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіре алады.