Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Арқалық қаласындағы № 41 мекемесінде сотталғандардың зияткерлік білімін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және танымдық белсенділігін қалыптастыру мақсатында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайысқа «Қыран» және «Сұңқар» топтары қатысып, өзара бақ сынады. Ойын барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасы, спорт және қазақ халқының салт-дәстүрлері бағыттары бойынша сұрақтар қойылды. Сұрақтардың күрделілік деңгейіне қарай ұпайлар 10-нан 50-ге дейін бағаланды.
Мұндай танымдық іс-шаралар сотталғандардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.