ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ!

Шопа елді мекенінде қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту және ауыл тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында асық атудан спорттық ойын ұйымдастырылды.

🏹 Ұлттық рухты ұлықтаған сайыста қатысушылар өздерінің мергендігі мен ептілігін, шеберлігі мен алғырлығын көрсетті.

🏆 Үлкендер арасындағы сайыста Қозыбаев Рахметолла үздік өнер көрсетіп, І орынды иеленді!

👏 Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде көршілес Талды ауылының жастары жүлделі орындарға ие болып, өз шеберліктерін танытты.

Осындай тағылымды шаралар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай, ауыл арасындағы достықты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға зор үлес қосады.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! 🥳
Ұлттық ойындарымыз жаңғырып, береке-бірлігіміз арта берсін!

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1313209?lang=ru