ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенімін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 16-17 қазанында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы онлайн форматта өткізілді.Акция аясында облыс бойынша 10 эфир ұйымдастырылып, тікелей эфирге 14117 тұрғын қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Нәтижесінде, азаматтардың барлық 875 сұрағына жауап берілді.Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, халық пен полиция арасындағы ашық диалогты нығайтуға мүмкіндік береді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1313101?lang=ru