Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балабақшада «Сіріңке – бір өмірдің құны» акциясы аясында профилактикалық жұмыс жүргізді.
Іс-шара аясында ойын-сауық және спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Олардың мақсаты – балаларға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бейресми жағдайда жеткізу. Сонымен қатар балаларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киім жиынтығы (ӨЖК) көрсетіліп, өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы сыйлықтар үлестірілді.