1 қазан-Халықаралық қарттар күні

1 қазан-Халықаралық қарттар күні

 

1 қазан – Қарттар күніне орай ардақты ардагерлеріміз бен ақ жаулықты әжелерімізге, асыл аталарымызға арналған "Жүрегі жылы, жаны ізгі ардақтылар" атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. 🌷

Шара барысында қонақтарға ақ дастархан жайылып, дәмді тағамдар ұсынылып, ақ баталар мен жылы лебіздер айтылды. Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама қойылып, ән мен күй, әсем билер тарту етіліп, қазыналы қарияларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. 🎶

Қарияларымыздың көңілін бөліп, қуаныш сыйлау – баршамыздың парызымыз. Өмір жолы өнеге болған үлкендерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! ❤️

Қарттарымыз әрдайым төріміздің көркі, елдің ақылшысы болып, ортамызда аман-есен жүре берсін!

 

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-zharkol/press/news/details/1305960?lang=ru