Халықаралық қарттар күніне орай Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, орталықтағы аға буын өкілдерін мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі қарияларға ізгі тілегін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тіледі.
Қарттарға құрмет көрсету – ұрпақ парызы. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен тағылымы кейінгі ұрпақ үшін әрдайым қымбат.
Барша қазыналы қарттарымызды мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, мейірім мен жылулық тілейміз!