ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ МЕН СОРГУН МУНИЦИПАЛИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ МЕН СОРГУН МУНИЦИПАЛИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Целиноград ауданына Йозгат провинциясының Соргун муниципалитетінің мэрі Мұстафа Еркут Экинжи бастаған делегация келді. Делегация құрамында муниципалитет өкілдері, Соргун қаласының депутаттары және Бозок университетінің ғалымдары болды.

Кездесу барысында тараптар муниципалдық басқару, мәдениет, білім және ғылым, туризм, экономика және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сапардың басты оқиғасы – Целиноград ауданының әкімдігі мен Соргун муниципалитеті арасында ниеттестік туралы меморандумға қол қойылуы болды. Аталған құжат өзара тиімді байланыстарды дамытуға және бауырлас өңірлер арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға негіз қалайды.

Кездесу барысында гуманитарлық және мәдени алмасуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, ғылыми байланыстарды дамытуға және екі өңір тұрғындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Бұл сапар Қазақстан мен Түркия арасындағы өңірлік деңгейдегі достық пен өзара түсіністікті нығайту жолындағы кезекті маңызды қадам болды.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1303740?lang=ru