Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің аға буын өкілдерімен бірге Түркістан қаласының мәдени орындарын аралады. Облыс әкімі мен ардагерлер «Қолөнершілер» орталығына барып, жергілікті шеберлердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылған жәрмеңкемен танысты. Мұнда олар дәстүрлі қолөнерді дамыту, ұлттық өнерді дәріптеу және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тамашалады.
📍Аға буын өкілдері шеберлермен пікірлесіп, ұлттық қолөнердің тәрбиелік және мәдени мәніне тоқталды. Өңірдің еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері жас шеберлердің еңбегіне ризашылығын білдіріп, дәстүрлі өнердің сабақтастығын сақтаудың маңызын атап өтті.
⚜️Мерекелік жүздесу барысында ардагерлер ұлттық ойындарға да белсене қатысты. Асық атып, ләңгі теуіп, садақ атқан қариялар өздерінің сергектігі мен ұлттық дәстүрге деген ықыласын көрсетті.
⚜️Нұралхан Көшеров аға буын өкілдерімен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Әңгіме барысында Түркістанның рухани-мәдени келбеті, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кейінгі ұрпаққа өнеге қалдыру мәселелері сөз болды.
📌– Бүгінгі Түркістанның қалыптасуы мен дамуына сіздердің де еңбектеріңіз сіңді. Қаламыздың рухани орталық ретінде жаңғыруына аға буынның өнегесі мен тағылымы әрдайым қажет. Сіздердің өмір жолдарыңыз бен елге жасаған қызметтеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны жас ұрпаққа жеткізу – бәрімізге ортақ міндет, – деді облыс әкімі.
📍Мәдени нысандарды аралау барысында аға буын өкілдерінің ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы орнына ерекше мән берілді. Халықаралық қарттар күніне арналған бұл жүздесу ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
АКИМ ОБЛАСТИ ВМЕСТЕ С УВАЖАЕМЫМИ СТАРЕЙШИНАМИ ПОСЕТИЛ КУЛЬТУРНЫЕ ОБЪЕКТЫ ТУРКЕСТАНА
⚜️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров вместе с представителями старшего поколения региона посетил культурные объекты города Туркестана. Сначала они побывали в центре ремесленников, где ознакомились с ярмаркой изделий в национальном стиле, изготовленных местными мастерами. Им была представлена работа, проводимая по развитию традиционного ремесла, популяризации национального искусства и передаче его будущим поколениям.
⚜️Представители старшего поколения побеседовали с мастерами и остановились на воспитательном и культурном значении национального ремесла. Ветераны труда и представители интеллигенции региона выразили благодарность молодым мастерам за их труд и отметили важность сохранения преемственности традиционного искусства.
📍В ходе праздничной встречи ветераны также приняли активное участие в национальных играх. Пожилые люди, игравшие в асык ату, лянгу и стрелявшие из лука, продемонстрировали свою бодрость и интерес к национальным традициям.
📌Н. Кошеров душевно побеседовал с представителями старшего поколения, выслушал их мнения и предложения. В ходе беседы говорилось о духовно-культурном облике Туркестана, популяризации национальных ценностей и оставлении примера для будущих поколений.
📌– В становление и развитие сегодняшнего Туркестана вложен и ваш труд. Для возрождения нашего города как духовного центра всегда необходим пример и назидание старшего поколения. Ваш жизненный путь и служение стране – пример для будущих поколений. Популяризация национальных ценностей и передача их молодому поколению – наша общая задача, – сказал аким области.
⚜️В ходе посещения культурных объектов особое внимание было уделено роли представителей старшего поколения в сохранении истории страны и национальных ценностей. Эта встреча, посвященная Международному дню пожилых людей, была направлена на активное участие ветеранов в общественной жизни, укрепление преемственности поколений и популяризацию национальных традиций.
Пресс-служба акима Туркестанской области