Зайсан ауданында иммунопрофилактика мәселелері бойынша жиын өткізілді

Зайсан ауданында иммунопрофилактика мәселелері бойынша жиын өткізілді
 
Зайсан ауданында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және профилактикалық екпелермен қамтуды арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиынды Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы кіріспе сөзбен ашты.
Жиын барысында:
- иммунопрофилактика саласындағы проблемалық мәселелер және вакцинацияның ақпараттық жүйесімен жұмыс;
- ⁠Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес 2026 жылдың 8 айындағы халықты профилактикалық екпемен қамту көрсеткіштері;
- ⁠ауданда екпемен қамту деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар;
- ⁠қоғамдық тамақтану орындарында тамақтан уланудың алдын алу;
- ⁠e-sen.kz санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ақпараттық жүйесіне декреттелген объектілердегі қызметкерлердің жеке медициналық бақылау кітапшалары бойынша деректерді толық әрі уақтылы енгізуді қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жиында аталған мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С. Слямғазина ,
Зайсан аудандық ауруханасының бас дәрігері М.Мырзабекова және Зайсан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Каирлина баяндама жасады.
Кездесу соңында көтерілген мәселелер талқыланып, халықты профилактикалық екпемен қамтуды арттыру, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты сақтау және тамақтан уланудың алдын алу бағытында тиісті ұсыныстар айтылды.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1302933?lang=ru