Большая Чураковка ауылында «Құқықтық көмек керуені» көшпелі іс-шарасы өтті
2026 жылғы 11 қыркүйекте Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылындағы Мәдениет үйінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында іс-шара өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін заң көмегінің қолжетімділігін арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында тікелей диалог орнату.
«Құқықтық көмек керуенінің» жұмысына облыс прокуратурасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Әділет департаменті тарапынан Костанай қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің филиал басшысы Райхан Тлеубаева қатысты.
Большая Чураковка ауылының және оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары:
Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасарына өздерін толғандырған сұрақтарды қоюға;
прокуратура және мемлекеттік органдар қызметкерлерінен тегін кеңес алуға;
өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға өтініштер беруге мүмкіндік алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтарға өзекті мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, азаматтардың өтініштері қабылданды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі