«Оқитын ұлт»

«Оқитын ұлт»

«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысының Әділет департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және «Оқитын ұлт» ұлттық бастамасын ілгерілету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына қатысты.

Жоба аясында «Оқитын мемлекеттік қызметші» атты арнайы бағыт іске асырылуда. Оның шеңберінде қатысушыларға арнайы әзірленген тізімнен қазақ тіліндегі 15 кітапты немесе орыс тіліндегі 15 кітапты оқу ұсынылады.

Департамент қызметкерлері марафонға белсенді қатысып, отандық және әлемдік әдебиет туындыларын таңдады. Жобаға қатысу жаңа кітаптар мен авторлармен танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сыни ойлауды дамытуға, жалпы мәдениет деңгейін арттыруға және кәсіби ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді.

Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1295351?lang=ru