🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 14 қыркүйекте Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Республика күніне орай №24 мектеп-гимназиясының аумағында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында қызметкерлер мектеп аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аумақтарды абаттандыруға, тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілуде.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі