📚 Мектеп оқушылары арасында буллинг пен лудоманияның алдын алу

📚 Мектеп оқушылары арасында буллинг пен лудоманияның алдын алу

2026 жылғы 14 қыркүйекте Павлодар облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Асем Рахманбергенова №5 мектептің оқушыларына «Буллингтің алдын алу» және «Лудоманияның алдын алу» тақырыптарында құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллинг жағдайларының алдын алу, сондай-ақ ойынға тәуелділік мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және оның кері салдарын түсіндіру.

Кездесу барысында оқушыларға буллингтің негізгі белгілері мен салдары, оның алдын алу жолдары түсіндіріліп, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің (лудоманияның) қаупі, оның оқу үлгеріміне, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа және болашақ өмірге тигізетін кері әсері туралы айтылды.

Оқушылар кездесуге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

 

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1295179?lang=ru