«ҚАРАСУ» КАНАЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
🔰 Тараз қаласы, Әулиеата ауданы аумағындағы 7-ықшам ауданынан бастау алып, Төле би көшесіне дейінгі аралықта орналасқан «Қарасу» каналындағы қамыстарды ору және аумақты ретке келтіру жұмыстары өткен аптадан бастап тиісті мекемелердің қатысуымен жүргізілуде.
Қазіргі таңда мектеп маңындағы аумақ толығымен тазартылып, қамыстар орылды. Бүгінде жұмыстар мектептен төмен орналасқан бөліктен Төле би көшесіне дейінгі аралықта үздіксіз жалғасуда.
Аталған жұмыстар каналына және аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту, тазалықты қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.
Жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, белгіленген аумақ толық ретке келтірілгенге дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, осы сенбі күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында «Қарасу» каналына кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына тиісті мекемелер мен аудан тұрғындары жұмылдырылады.
Әулиеата ауданы әкімдігі аумақтың тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды.
🔰 Тараз қаласы, Әулиеата ауданы аумағындағы 7-ықшам ауданынан бастау алып, Төле би көшесіне дейінгі аралықта орналасқан «Қарасу» каналындағы қамыстарды ору және аумақты ретке келтіру жұмыстары өткен аптадан бастап тиісті мекемелердің қатысуымен жүргізілуде.
Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1293281?lang=ru