✨ЖАРҚЫРАЙ БЕР, ЖЕЗҚАЗҒАН!
🔸8 қыркүйек күні Алаш алаңында Жезқазған қаласының 72 жылдығына арналған мерекелік гала-концерт өтті.
🔸Қала күніне арналған кеш «Жұлдызы жанған Жезқазған» музыкалық-хореографиялық композициясымен басталып, мысты шаһардың тарихы мен бүгінгі келбетін айшықтаған әсерлі қойылымдармен жалғасты.
🔸Мерекелік шара барысында Ұлытау облысының әкімі Есет Берікұлы Байкен қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы күнмен құттықтады.
🔸Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары марапатталып, туған қаласының тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген тұрғындарға құрмет көрсетілді.
🔸Кештің көркін қыздырған мерекелік концертте Жезқазғанның өнер ұжымдары мен әншілері өнер көрсетіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал мерекенің арнайы қонақтары — қазақ эстрадасының танымал әншілері Мақсат Рахмет, Қайрат Баекенов және Әділет Жауғашар көпшілікке хит әндерін тарту етті.
🔸Бұл кеш — туған қалаға деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың, бірлік пен берекенің мерекесіне айналды.