Бұқар жырау ауданының Доскей ауылдық округі әкімдігі интернет-алаяқтық пен ұрлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген жұмыс барысында азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен негізгі схемалары түсіндірілді. Атап айтқанда, телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және түрлі интернет-платформалар арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке деректерді қорғау, банк карталары мен мобильді қосымшаларды қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ құпия ақпараттарды бөгде тұлғаларға бермеу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тұрғындарға мүліктік ұрлықтың алдын алу шаралары түсіндіріліп, қырағылық таныту, жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына уақытылы хабарласу қажеттігі ескертілді. Аталған түсіндіру жұмыстары тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. #законипорядок#заңментәртіп