Бұқар Жырау ауданының Доскей ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша акция өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар балалар және спорт алаңдарының аумақтарын, қоғамдық орындарды, көшелер мен оларға іргелес аумақтарды тұрмыстық қоқыстан, қураған шөптерден және жапырақтардан тазартты. Осындай акциялар тазалықты сақтауға, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Тазалық әрқайсымыздан басталады! Тек бірлескен күш-жігер арқылы елді мекендерімізді жайлы, таза әрі көрікті ете аламыз. 🌿 Тазалық — денсаулық кепілі! #ТазаҚазақстан #TazaChallenge #ТазаОрта #БұқарЖырауАуданы #ДоскейАуылдықОкругі ТазаҚазақстан