Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, НҚА жобасымен Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жөніндегі халыққа арналған тарифтер бекітіледі.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы нормативтік құқықтық акт жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылды: https://legalacts.egov.kz.