«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ШЕБЕРІ: АДАЛ АЗАМАТ, ТАЗА ҚАЗАҚСТАН, ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ШЕБЕРІ: АДАЛ АЗАМАТ, ТАЗА ҚАЗАҚСТАН, ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ШЕБЕРІ: АДАЛ АЗАМАТ, ТАЗА ҚАЗАҚСТАН, ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2026 жылғы 30 қазан күні А. Оразбаева атындағы негізгі орта мектеп базасында жалпы білім беретін мектеп педагогтері арасында «Жасанды интеллект шебері: Адал азамат, Таза Қазақстан, Заң мен тәртіп және ұлттық мұраға жаңаша көзқарас» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру және дамыту, цифрлық құзыреттіліктерін арттыру, білім беру үдерісінде заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды, тарихи-мәдени мұраны және қоғамдық тәрбие қағидаттарын жасанды интеллект арқылы жаңаша форматта насихаттау.

Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарын ұсынып, цифрлық технологияларды білім беру мен тәрбие үдерісінде қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Ұсынылған жұмыстар педагогтердің кәсіби ізденісін, инновациялық ойлауын және заманауи технологияларды меңгеру деңгейін көрсетті.

Байқау нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

І орын – Ташетова Гульжанат Абуовна, Ғ. Қараш атындағы ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі;

ІІ орын – Искакова Асем Жайхатовна, Ғ. Қараш атындағы ЖОББМ-нің қосымша білім беру педагогі;

ІІІ орын – Талғатов Дархан Талғатұлы, Т. Жароков атындағы ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі.

Байқау педагогтердің цифрлық сауаттылығын жетілдіруге, өзара тәжірибе алмасуына және білім беру саласындағы жаңа технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!

Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – білім сапасын арттырудың және ұлттық құндылықтарды жаңа форматта дәріптеудің маңызды қадамы!

#ЖасандыИнтеллект #ЖИШебері #ЦифрлықБілім #АдалАзамат #ТазаҚазақстан #ЗаңМенТәртіп #ҰлттықҚұндылықтар

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-zhanibek/press/events/details/49656?lang=ru