🏓🏆 АЙАРУ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

🏓🏆 АЙАРУ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!
АЙАРУ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ! 🥈
🎉 Жеңіс құтты болсын!
«Ауыл спорты» жарысы аясында үстел теннисінен өткен облыстық кезеңде Б. Жаникешев атындағы мектептің оқушысы Айару жоғары шеберлік пен табандылық танытып, ІІ орынға ие болды! 🏆👏
Бұл жетістік – жүйелі дайындықтың, тынымсыз еңбектің және жеңіске деген жігердің нәтижесі. Айарудың облыстық деңгейде топ жарып, жүлделі орыннан көрінуі – мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш!
👏 Жас спортшының шеберлігін шыңдап, жеңіске жетуіне бағыт-бағдар берген жаттықтырушысы Сағын Нұрболатұлына ерекше алғыс білдіреміз. Шәкірттің жеңісі – бапкер еңбегінің жемісі!
🌟 Айаруды және жаттықтырушысы Сағын Нұрболатұлын жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! Биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Бөкей ордасы ауданы сіздермен мақтанады! 🇰🇿🏆

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bokeyorda/press/events/details/49338?lang=ru